БҰҰ: Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны таяу жылдары 11 пайызға артуы мүмкін

Әлемдегі ең ұзақ өмір сүрген адам Ли Цинъюнь екі жүз жылдан аса өмір сүрген. 9 патшалықты басынан өткерген ол 1677 жылы Сычуань провинциясына қарасты Цицзянсянда дүниеге келген. Ол өмірінің көп бөлігін Сычуаньдағы тауларда емдік шөптер жинап, ұзақ өмір сүрудің қыр-сырын түсінумен өткізеді. Ол 256 жасына қараған шағында, 1933 жылы қайтыс болған. Қарияның 24 әйелінен 200 ұрпағы қалған. Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар халық санының 7,7 пайыздан астамын құрайды. БҰҰ сарапшыларының болжамы бойынша таяу жылдары бұл көрсеткіш 11 пайызға артуы мүмкін. «Ерекше жандар» айдарының бүгінгі кейіпкері – 107 жасар Күрішбек Көжекбаев. Кітапқұмар ардагер Күрішбек Көжекбаев тарихи, поэзиялық кітаптар мен баспасөзді қалт жібермей оқиды. Ғасырдан астам өмір сүрген ақсақал қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметовамен бірге 1942 жылы майданға аттанған. Күрішбек Көжекбаевтың көру қабілеті әлі де жақсы. Күнделікті оқиғалардан хабар алып отыратын оның денсаулығы да тың. Алайда қарияның басынан өткені аз емес. 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін күндері, Екінші дүниежүзілік соғыс. Қарияның жолында жақсы адамдар да көп кездескен. Өнегелі жан өмір бойы мектепте сабақ беріп, халық ағарту жұмысымен айналысты. Күрішбек ақсақал үй шаруасын дөңгелетіп, немере-шөбересін де бақты. Көжекбаевтар отбасы 2017 жылы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, бірінші орынды иеленді.

Просмотров: 3 628

Длительность: 4мин 54сек

Добавлено: 12.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.