Биыл Мұса Шорманұлының туғанына 200 жыл

Мұса Шорманов 1819 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол өз заманы үшін көпке танымал және беделді адам болған. Қоғамдық істерге белсене араласып, өзінің туған жиені, белгілі ғалым Шоқан Уәлихановпен тығыз байланыс орнатқан. М.Шорманов елінің этнографиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Сібірде шығып тұратын газеттерге материалдар ұсынып, Географиялық қоғам ұйымдастырған көрмелер мен оның Г.Н. Потанин, Н.И. Ядринцев, Н.Ф. Костылецкий сияқты мүшелеріне Қазақ елі жөнінде материалдар дайындаған. Бүгін "Таңшолпанда" тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев қонақ болды. Профессор тарихтағы зерттелмей жатқан ұлы тұлғалардың бірі Мұса Шорманұлы туралы сұхбат берді. «Мұса Шорманұлының 200 жылдығы Баянауыл, Керекуде тойланды. 14-15 қыркүйекте кесенесі ашылып, ас беріледі. Мұса Шорманұлы - ұлттық тұлға. Архивтік құжаттары бірнеше кітап болар еді. Өйткені, ол 14 жасынан бастап 50 жыл бойы қазаққа қызмет жасаған адам. Мұса Шорманұлы өмірінің ең ауыр кезеңдері 30-40-шы жылдар деп ойлаймын. Өйткені, қазақ әлі Ресейге будандыққа өтпеген, хандықтан әлі қол үзбеген, Кенесары көтерілісі кезеңі еді. Ол кезде заман күрделі болды. Шорманұлы орыс, қазақ тілінен бөлек, француз тілін жақсы меңгерген еді. Орыстың кен іздеуші көпестері келе бастағанда оларға жол көрсетуші қазақтарға жер-су аттарын орысшаламау жағын қатаң тапсырған. Қазақ жастарының білім алуына үлкен көңіл бөлген», - дейді профессор.

Просмотров: 4 184

Длительность: 11мин 35сек

Добавлено: 12.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.