«balapan» телеарнасы жаңа маусымын 10 қыркүйекте бастайды

Жуырда Ұлттық арна жаңа маусымға кірісті. Сонымен қатар, «balapan» телеарнасы да өз көрерменін қуантуда. Арна осы маусымда кішкентай көрермендеріне 30 жаңа жоба ұсынбақ. Бүгін "Таңшолпан" студиясына келген «balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай мен арна жаңа жұлдыздары Ақнұр Рүстемқызы, Әлдәмир Сағидолла ұсынғалы отырған жаңалықтарымен бөлісті. «Бала дегенде ойымызға бірден анимация, мультфильм келеді. «balapan» дегенде баланың іздейтіні анимация. Сол үшін біз биыл өндіретін өнімдерімізді қайта қарастырып, өнімдердің сапасын және санын арттырдық. Биыл бірден 10 жобаға кірісіп кеттік. Күзгі маусымда соның 8-і жарық көреді. Бұл біздің кішкентай көрерменіміз үшін үлкен сый болады. Телеарнаның ашылғанына биыл 8 жыл. Тәжірибеміз бар, енді бізге сапа үшін жұмыс істеу керек. Бірақ осы күнге дейін суперқаһармандар туралы ойлауға тәжірибеміз жеткен жоқ. Ал, биыл пісіп, кәсіби тұрғыда кемелденгенімізді сезіп, аниматорлармен бірігіп, үлкен жобаға кірістік. Алдымен, аудиторияны зерттедік. Балаларға үлкен сауалнама жүргізіп, қазақтың суперқаһарманы қандай болуы керектігі туралы сұрадық. Қазіргі таңда әлемде қандай қаһармандар бар соның бір бөлігін алып, өз қаһарманымызды жасап шықтық. Құпияны аша отырсақ, Ертемір деген кейіпкеріміз бар. Ол кәдімгі оқушы, бірақ қауіп төнген кезде робот адамға айналады. Екінші кейіпкер Айдар деген жігіт. Бұл дала қаһармандары туралы жоба және басқа да өнімдеріміз балапандарымыз үшін үлкен сый болады деп күтеміз. Бала отырған жерде үлкендер де отырады. Демек, «balapan» арнасы – отбасылық арна. Сондықтан да үйде бала тәрбиесімен айналасатын ата-аналар үшін арнайы жоба аштық. Ол жобаның ерекшелігі – балалардың қалыптасуына септігін тигізетін мәселелер», - дейді Мақпал Жұмабай.

Просмотров: 2 595

Длительность: 9мин 49сек

Добавлено: 07.09.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.