Бүгін - қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаевтың туған күні

Сорлы қазақ жаны алқымға тығылып, Қара күн кеп, тіккен туы жығылып, Алға баспай, барлық ісі кер кетіп, Нәр тата алмай, күшсіз, әлсіз бүгіліп. Оқу-білім жақындатпай, жолатпай, Қырын қарап, қазақ ісін ұнатпай, Пыр-пыр ұйықтап сорлы қазақ тек жатыр, Қанды жаспен екі көзін шылатпай. Қозғал, қазақ, білім іздер кез келді, Қылыш алып «надандық» саған кезенді. Шетке лақтыр, тымақтай алып, елден қу, Ертелі-кеш басыңа мініп езгенді! Бұл жалынды жырлармен талайдың жанын жылытып, үміт отын жаққан Мағжан Жұмабаевтың өлеңі. Қазақ поэзиясының ғұмырнамасында оның есімі алтын әріппен жазылған. Табиғатынан талант, талапшыл да, турашыл қайраткер азамат тар заманның тауқыметін өз өлеңдерімен өрнектеп, ұлтының еркіндікке деген ерекше ұмтылысын бейнелеген. Мағжанның әкесі болыс басы, әрі би болған. Сол себепті оның балалық шағы ішер ас, киер киімнен тапшылық көрмей өтті деуге де болады. Ақын 4 жасынан бастап, шығыс тілдерін меңгеріп, әдебиетке ден қойған. 1905 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, оны үздік аяқтағаннан кейін Уфадағы жоғары діни қорының шәкірті атанады. Жасынан жазуға әуес бала Мағжан өз қатарынан ойы озық, алғыр болып ер жетеді, төл туындыларын сыныптастарына, туыстарына өзі дауыстап оқып беретін болған. Оның алғашқы жыр-жинағы небәрі 19 жасында жарық көрген екен. 45 жыл өмір сүрген ақын қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, ел болашағы жолында еңбек еткен. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Әйтсе де, заңғар тұлғаның елдікке, отаншылдыққа деген сүйіспеншілігінен туған туындыларын оқуға тыйым салады. Тіпті, солақай саясаттың шолақ белсенділері ақынның ізіне түсіп, қудалады, ұстады, түрмеге жапты. Кейіннен, яғни 1981 жылы Мағжанның шығармалары қайта жарияланып, оқырманмен қауыша бастады. 20 ғасырдағы қаақ әдебиеті мен мәдениетінің көшін бастаған біртуар тұлғаның құпияға толы сыр-сандығы әлі де зерттеп-зерделеуді қажет ететіні белгілі. Оның қайсар рухы мен жерге деген махаббаты әрдайым ұрпақ жадында қалатыны сөзсіз.

Просмотров: 2 503

Длительность: 2мин 56сек

Добавлено: 25.06.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.