Этнолог Серік Ерғали: Қай дәстүрді алсаңыз да ол көрініске, шоуға айналған

Тойшыл қазақтың той-толмас салты саналатын беташар тарихы әріде жатыр. Қазақ қызы беташарсыз келін атанып, ақбосаға аттамаған. Себебі бұл рәсім арқылы жас келінге есте сақтауы тиіс ұлттық дәстүр-дәріппен жиналған көпшіліктің қандай туыстық жақындығы бар екені, беделі, қадір-қасиеті жеткізіліп, жеке-жеке таныстырылған. Деседе, дәстүрдің де заман талабына сай жаңарып, түрленіп отыратыны бар. Ертеде беташар салтын халық тарқар сәтте жасаған екен. Ал, қазіргі кезде керісінше, тойды беташармен бастайды. Тіпті, кейбір өңірлерде беташарды бөлек, той ретінде жасап жатады. Халқымыз беташар рәсімін өткізуге сөзге шебер ақын немесе танымал әншілер мен жыршыларды шақырған. Олар суырып-салма қасиетінің арқасында әулеттің әр адамына өлең арнап, жақсы жағынан жырға қосып отырған. Ал, қазіргі беташар қандай? Қазіргі беташар қалпын бұзды ма? Беташар дәстүрін бұзбай атқарып жүрміз бе? Этнолог, мәдениеттанушы Серік Ерғали, әнші-асаба Дастан Нысанбай «Таңшолпанның» қонағы болып, осы сұрақтарға жауап берді. «Беташар – халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, оның тәрбиелік мағынасы зор. Беташар бүгінгі күні бір жағынан шоу, екінші жағынан салт-дәстүр. Көшпелі салтымызда бұл дәстүр бірегей болатын. Беташардың шамамен 5 мың жылдық тарихы бар. Ол дәстүр тәңірлік дәуірден келеді. Мәселен, бір рудың қызы екінші руға келін болып барады. Демек бір әулеттен екінші әулетке адам кеткенде, кеткен әулет бір адамға қысқарады. Немесе қызды ұзатқанда сыңсу айтылады. Сыңсу – адамды жоқтаумен бірдей. Енді, сол келінді бір әулетке алып келгенде оны шымылдықпен жауып қоятын болған. Шымылдық - екі дүниені бөлетін перде. Яғни, адам бір дүниеден екінші дүниеге өтіп барып, жаңа руда дүниеге келеді. Ал, перде аржағында отыру - құпия құбылыс. Үш күнге дейін келінді ешкім көрмейтін болған. Одан кейін барып қайын жұртына таныстырылып, беті ашылған. Ал, қазір келіннің бетін ашу – презентация. Өйткені заман талабы осындай. Ежелде келіннің бетін бақсы ашатын болған, өйткені ол екі дүниенің арасын жалғаушы болған. Кейін күйші, жыршылар ашатын болды. Қазір әнші, әртістер ашады. Қазір ұлттың, дәстүрдің дәуірі емес, шоудың заманы. Өйткені ұлтсыздану дәуірі жүріп жатыр. Яғни адамзат бірыңғай, біртұтас адамзатқа айналып жатыр. Сондықтан қай дәстүрді алсаңыз да ол көрініске, шоуға айналған», - дейді Серік Ерғали.

Просмотров: 2 306

Длительность: 15мин 42сек

Добавлено: 20.06.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.