Мәскеуде таксист 7 адамды қағып кетті

Өткен сенбінің кешінде Мәскеудің қақ ортасында такси жүргізушісі тротуарда келе жатқан 7 кісіні қағып кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Алайда, оқыс оқиғаның кесірінен 7 адам түрлі дене жарақатын алды. Олар: Ресей, Әзірбайжан және Украина азаматтары мен футболдан Әлем чемпионатына келген мексикалық жанкүйерлер. Жайбарақат келе жатқан жаяу жүргіншілерді жайпап өткен таксист оқиға орнынан бірден қаша жөнелгенімен, көп кешікпей ұсталды. Ол - Қырғызстанда туған 28 жастағы Чынгыз Анарбек уулу. Күдікті полицейлерге «адамдарды әдейі қақпағанын, сол күні жұмысқа шығар алдында 3 сағат қана ұйықтап, 20 сағат бойы көлік жүргізгенін» айтқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Апат Кремльдің тап іргесіндегі Ильинка көшесінде болды. Естеріңізге сала кетейік, Ресей тарапы бұған дейін футболдан Әлем чемпионатын барынша қауіпсіз өткізетінін мәлімдеген.

Просмотров: 1 511

Длительность: 1мин 17сек

Добавлено: 18.06.2018

Пользователь: Ақпарат

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.