Астанада «Етікші» атты пәлсапалық драманың премьерасы өтті

Күні кеше Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында «Етікші» атты пәлсапалық драманың премьерасы мен «Таға» атты жаңа театрдың тұсауы кесілді. Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен қойылған тұсаукесер өте әсерлі болды. Жаңа туынды драматург Саят Қасымбектің «Етікші» драмасының желісі бойынша сахналанды. Ақылдының да, ақымақтың да аяғында аяқ киім бар. Ал, адамдардың аяғындағы аяқ киім арқылы олардың жасаған жақсы, жаман істерін ажыратуға болады. Оны ажырата алатын – етікші. Өмірдегі түрлі жақсылық пен жамандыққа бой алдырған адамдардың аяқ киімімен сөйлесе отырып, етікші етік иелерінің мінез-құлқын көрермендерге хабардар етеді. Осындай астарлы ойды жеткізуді мақсат ететін спектакльдің қоюшы-режиссері Бекболат Құрманқожаев, қоюшы-суретшісі Жанна Омарова. «Туынды толық жетілу үшін алдағы уақытта әлі де шығармашылық ізденісті қажет етеді», - дейді актерлер.

Просмотров: 1 738

Длительность: 3мин 18сек

Добавлено: 11.06.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.