Қоғамда архитектуралық, сәулеттік талғам қалыптастыру үшін не керек?

1804 жылы Париж қаласында әлемге танымал Пер-Лашез қорымы ашылды. Заман өте қорым туристер баратын Париждегі ең үлкен орынға айналды. Пер-Лашез қорымын көруге жылына 2 млн адам барады екен. ЮНЕСКО тарапынан ол «аспан астындағы құлпытастар мен скульптуралардың музейі» деп мойындалған. Себебі Пер-Лашез қорымында бүкіл Францияның ұлылары жатыр. Ол Бальзак, Мольердан бастап, атақты рок жұлдызы Джим Моррисонға дейін сол жерде жатыр. «Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боласыз». Парижде өмір сүретін әрбір француз дәмі таусылған соң Пер-Лашезге барып жатқанды армандайтын шығар. Себебі ол қорым қазіргі тілмен айтқанда о дүниенің вип мекені. Наполеон бірінші бұл қорымды 1804 жылы белгілейді. Оған дейін ол жер қаңғыбастардың тұрағы болған екен. Пер-Лашез зират болып қалыптасқаннан кейін де халық өмірден өткен туыстарын онда жерлегісі келмеген. Кейін Жан-Бастист Мольер мен француз халқының қос ғашығы Абеляр мен Элоизаны арнайы әкеліп, қойғаннан соң қорымның қадірі бірден артты. «Өлілер шаһары» аталып кеткен Пер-Лашезге келген адам дұға оқып қана қоймай, зират ішін кешіп, танымдық экскурсия жасай алады. Мұнда келген әр адам классиктердің зиратын іздегенді азарт көреді. Оноре де Бальзак, Фредерик Шопен, Эдит Пиаф, Оскар Уайлд, Джим Моррис секілді атақты адамдардың құлпытасын көру үшін туристер ағылады. Табыну адамзаттың тарихында бар дүние. Ежелгі грек некропольдарынан бастап қазақтың Ахмет Яссауи, Арыстан-баб кесенесі оған дәлел. Мұның психологиялық төркіні неде? Дүниеден өткен туысына мазар қою міндет пе? Біздің мазарлардың көркемдік сапасына көңіл тоя ма? Мың жыл өткеннен кейін миллиондаған турист тартып тұратын архитектуралық сәулет туындысы деп айтуға келе ме? Қоғамда архитектуралық, сәулеттік талғам қалыптастыру үшін не керек? 15-16 ғасырдың құлпытастары көркем өнердің скульптуралық шедеврі болып көрінеді. Бүгінгі заманда өзіміздің төңірегімізден мұндай көріністі неге таппаймыз? «Парасат майданы» бағдарламасының өткен санында архитектор Серік Рүстембеков пен ақын Ербол Жұмағұлов осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті.

Просмотров: 1 856

Длительность: 11мин 01сек

Добавлено: 28.05.2018

Пользователь: Парасат майданы

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.