«Оралман» фильмі Бішкектегі ұлттық киножүлденің екі марапатын иеленді
«Оралман» фильмі Бішкектегі ұлттық киножүлденің екі марапатын иеленді. Жүлдегердің бірі – актер Дулыға Ақмолда. Ол «Орталық Азияның үздік актері» атанды. Бүгін өнер иесі Алматы студиясының төрінде қонақ болып, қуанышымен, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда, ондаған жылдар өткен соң еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Туындының режиссері - Сәбит Құрманбеков. «7-ші рет ұйымдастырылып отырған ұлттық киносыйлық «Ақ Ілбіріс» деп аталады. Кинофестиваль үлкен дәрежеде өтті. Оған көптеген өнер майталмандары мен зиялы қауым қатысты. Фильмнің басты себепкері – режиссер. Одан кейінгі киноның көзі – оператор. Осы кісілердің шеберлігінің арқасында көптеген фестивальдерге қатысып жүрміз. Бұл жүлде тек маған емес, шығармашылық топқа берілген жүлде. Кинода Отанға деген сүйіспеншілік, қайта оралу тақырыбы қозғалады. Дәл қазір «Оралман» қазақ көрермендері үшін қымбат дүние болар еді. Одан басқа, өткен жылы Фархат Шариповтың киносында басты рөлді сомдадым. Туынды көрермен назарына келесі жылы ұсынылады. Қазіргі уақытта көркемфильмге түсіп жатырмын. Қазақ халқының басынан өткен нәубет кезең туралы түсірілген кинода басты рөлді сомдадым», - дейді актер.
Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.
Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.