Ең үздік ғылыми еңбектер қазақ тіліне аударылды

Кез келген тіл әлеуеті зор, қуатты тілге айналуы үшін ол алдымен ғылым тілі бола алғаны ләзім. Тұрмыстық қолданыспен шектелмей, әлемдік ілім-білімді жеткізуге қарым-қабілеті жетуі тиіс. Кезінде бәзбіреулер білгірсініп, «қазақ тілі ғылым тілі емес» деген пікірлерді айтты. Сол керітартпалардың көмейіне құм құйылар күн туған тәрізді. Адамзат баласы тарихындағы ең үздік ғылыми еңбектер қазақ тіліне аударылды. Естеріңізде болар, өткен жылдың сәуірінде Президент елдің жаһандану дәуіріндегі кескін-келбетін айқындайтын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын түзген еді. Онда әлемдегі үздік оқулықтарды қазақ тіліне аудару жайлы сөз қозғаған болатын. «100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Жоғары оқу орындары аударылуы тиіс кітаптарды іріктеді. Іріктелген 800 еңбектің 100-і таңдалып, аудармашылар іле-шала іске кірісіп кетті. Аталған жоба араға жыл салып, өзінің алғашқы жемісін берді. Бір жыл ішінде сол еңбектердің 18-і қазақша басылып үлгерді. Аталған еңбектер осы аптада Елбасыға таныстырылды. Оқулықтар философия, әлеуметтану, антропология, дінтану, экономика секілді іргелі салаларды қамтиды. Бұл кітаптардың кейбірінің тіпті орыс тіліндегі аудармасы жоқ. Түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аударылып отыр. Сонымен, қазақ баласының кітап қоржыны қандай қазынамен толықты?

Просмотров: 1 921

Длительность: 8мин 21сек

Добавлено: 15.04.2018

Пользователь: Аpta

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.