Астанада Байқоңыр атты төртінші аудан пайда болды

Біздегі әкімдер әртүрлі. Иненің көзінен өткендей шаруақоры да, кең балақ, жалпы етек шабаны да бар. Пиар үшін қаржысын қияры да, халыққа шекесінен қарар зияны да бар, ел десе емешегі үзілер зиялы да бар. Облыстағы күнгей-көлеңкелі шаруалардың шешілуі сол шенділердің іскерлігіне байланысты. Айтпағым, өткен айдан бері барлық өңірде осы ақ жағалы әкім-қаралар ел алдында есеп беріп жатыр. Қайсыбірі белгілі сценарий, алдын ала дайындалған сұрақ-жауап форматында өтсе, енді бір есеп жиындары шын мәнінде тосын жайттарға толы болды. Қысқасы, жыл өткен сайын бұрынғы жауыр сұрақ қою тәсілі тыйылып, тырнақшамен айтсақ, «проблемный адамдарды» кіргізбеу түбегейлі болмаса да, азайып келеді. Ең бастысы, ел алдына келген әкімге көпшілік көкейіндегісін бүкпей жеткізуге мүмкіндік алып жүр. Осы аптада Астананың әкімі Әсет Исекешев тұрғындардың алдында есеп берді. Елорда болған соң түйткіл де, дауың да көп. Сондықтан, жиынға барған қауым да көп. 2,5 мыңға жуық адам қатысқан. Сұрақ қойғысы келгендер ұзын-сонар кезекте тұрды. Астанада да шешілмей тұрған шетін мәселелер бар. Қоғамдық көліктің кешігуі, ауруханалардағы кезек, мектеп пен балабақша, тағысын тағы. Ал, ең бастысы әлбетте, баспана. Былтыр 2,3 млн. шаршы метр тұрғын үй берілген екен. Соның өзінде жетпей жатыр. Салақ салынған, сапасыз үйлер бөлек тақырып. Танауың мен тынысыңды бітер көк түтін де көптің қыжылын тудырып жүр. Үйлерін ала алмай, көздері шыланған үлескерлер де бар үмітін әкімшілікке байлап отыр. Әсет Исекешев 3 сағаттан астам тікесінін тұрып, барлық азаматтың сұрақтарына жауап беруге тырысты. Астанадағы жағымды жаңалықтарымен де бөлісті. Соның бірі елордада Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандарынан бөлек, жаңадан Байқоңыр атты төртінші аудан пайда болды. Аумағы 18,1 мың гектар жерді алып жатыр. Ал, тұрғындарының саны 211 мыңға жетеді.

Просмотров: 1 966

Длительность: 7мин 32сек

Добавлено: 04.03.2018

Пользователь: Аpta

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.