Еліміздегі балабақша мәселесінің бүгінгі жай-күйі

«Көресіні көрмей көрге кірмейсің» дейді қазақ, көрмегеніміз аз еді оны да көрсетті. Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауылының әкімі Жанат Омаров күні кеше 14 жасар оқушыны өлімші етіп сабап тастаған. Аристотель мұндайларға арнап «Қылмысқа сылтау ғана керек» депті. 8-сыныптағы оқушыны ес-түссіз қалғанша ұруға не итермеледі деген сұраққа ол «баламмен төбелескен, тұмсығын қанатқан» деп жауап берді. Жапа шеккен Диас Мұқанның анасы «Facebook» әлеуметтік желісінде дабыл қақпағанда бұл қылмыс туралы білмей қалуымыз да мүмкін еді. Осы әрекеті үшін әкім қызметтінен кетті. Ал, Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде 7 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істейтін әйел кішкентай баланы құлағынан тартып құлатып, қылқындырып әбден азаптаған. Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап, тәрбиеші қызметтен қуылды. Мұндай бассыздықтар мемлекеттік бөбекжайларда да жетіп жатыр. Балаларды балабақшаға берерде абай болған жөн. Себебі, бөбекжайларда түрлі жағдайлар орын алып жатады. Оралдағы №46 «Ақжайық» балабақшасының медбикесінен туберкулез анықталған. Екі өкпесі де инфильтративті туберкулезге шалдыққан азаматша 6 айға емдеуге жіберілді. «Сырқат бөбекжайдағы балаларға жұқпайтын «жабық» түрі» деп азар да безер болды жергілікті жауаптылар. Мұндай жағдай биыл Шығыс Қазақстанның Зырян қаласындағы балабақшада да тіркелді. Десе де, мемлекеттік балабақшаға баласын беруге тырысатын ата-ана өте көп. Өйткені, қалалық жерде бір отбасын бір айлықпен асырау қиямет, сондықтан, баланы тастайтын бөбекжай іздеп табанынан таусылады жұрт. Бітпейтін кезекке тап болады. Осы тақырып турасында толығырақ Сәбит Әлдебайдың материалында.

Просмотров: 2 186

Длительность: 11мин 36сек

Добавлено: 03.03.2018

Пользователь: Мәселе

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.