Қазақ журналистикасында өшпес із қалдырған Бейбіт Құсанбектің шығармашылығы

Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған тележурналисттің бірі - Бейбіт Құсанбек. Ол 1962 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Тележурналист, ақын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Мәскеу қаласындағы КСРО Мемтелерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген. Алғаш еңбек жолын Қазақ теледидарының Жастар, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында редактор, саяси шолушы болып бастаған. Кейіннен «Алатау» телеканалының директоры, «Хабар» агенттігінде продюссер, тележүргізуші қызметтерін атқарды. Әр жылдары «Арай», «Жадыра», «Құрдастар», «Көкпар», «Кездесу», «Дидар» циклдарымен жасаған хабарлары, репрессияға ұшырап, ақталған арыстарымызды халқымен қауыштырған «Халық зердесі», «Алты арыс», Ресейдегі қазақ диаспорасының бір бөлігіне арналған, олардың тұрмыс-тіршілігін, мәдени өмірін қамтитын «Омбыдағы қазақтар», «Мұхиттың арғы жағы – Америка» хабары жарық көрді. Бейбіт Құсанбектің аймақтық, облыстық, республикалық телеарналарда бұдан басқа да көптеген авторлық бағдарламалары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 45 жылдық ғұмырында талай таңғажайып телетуындаларды өмірге әкелген алғыр журналист әдебиет пен мәдениет, ғылым, білім саласында жетістікке жеткен көптеген танымал тұлғалардан сұхбат алды. Солардың өнегелі өнер жолын дәріптей жүріп, өзі де тұлғалы азаматқа айналды.

Просмотров: 3 081

Длительность: 3мин 03сек

Добавлено: 13.02.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.