«Қатын» және «әйел» сөздері пікір қайшылығын тудырады?

Нәзік жандыларға қарата айтылатын кейбір атаулар төңірегінде пікір қайшылығы бар екендігі белгілі. Кезінде лингвист, академик Рахманқұл Бердібаев «қазақтың 18 мың сөзі бұзылды» деген. Ол сөзінің жаны бар сияқты. Шығу тарихы, төркіні түгелденбей жатып байтақ тіліміздің бір бөлшегіне айналған келімсек сөз көп. Құлаққа жағымды естілетіндіктен бе көп жігіт «әйелім» деп айтады. Ал, «қатын» сөзі көбіне бұйрық райымен «әй қатын», «бүй қатын» деген секілді ер азаматқа басымдық беретін тіркес ретінде қолданылып жүр. «Қатын – қазіргі уақытта архаизмге айналған ұғым, ол әуелгі заңдылық құқығы мен мағынасы бойынша дәрежелік атау. Отағасынан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін мүлік пен малдың еншілесі, сыбаға басы», - деген алаштанушы Тұрсын Жұртбай. Белгілі жазушы, алаштанушы, ғалымның бұл пікірі «қатын» сөзі ежелден қолданыста болғанын аңғартып тұр. Сонда «әйел» атауы қайдан шыққан? «Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, біздің пікірімізше, «қатын» - төл сөз, «әйел» - кірме сөз. Парсы тілінен аударған кезде «әйел» адамзаттың ұрғашысына қаратып айтылатын атау. Ал, түрік сөздігін қараса, «әй» - қызметші, күң дегенді білдіреді. «Қатын» сөзі – «ханым» деген мағынаны берген», -дейді профессор Бекжан Әбдуәлиұлы. Ғалымдар Кеңестің кері саясатының кесірінен «әйел» ұғымы ауызекі тілмен, жазба әдебиетімізге, тілдік терминімізге кіріп кеткенін айтады. Ал, «қатын» атауы осыдан 1500 жыл бұрын көктүріктердің сына жазуларында кездескен. Қай сөздің бұрыннан қолданыста болғанын осыдан көруге болады. Кеңес одағынан бөлініп, тәуелсіздік алған республикалардың ішінде қазақтан басқа халықтардың «әйел» сөзінен түгелдей бас тартқан. Өзбек, түрікмен, қырғыз, әзірбайжан, татар, оғай, қарақалпақ, башқұрт сияқты халықтар тек «қатын» өзін қолданады. Қазақтың жер-су атауларында «Қатын-қарағай», «Қатын-көпір», «Қатын-өзен», «Қатын-бастау» сияқты аттар әлі күнге дейін сақталған. Шамасы жоғарыда аталған түркі халықтарының тіл бірлігіне жер-су атауларына қарамастан «қатын» сөзінің қадірін қашырып, кұнын түсіріп жүрген біз ғана көрінеміз. Барды бағалап, тілімізге құрметпен қарайық.

Просмотров: 9 030

Длительность: 3мин 27сек

Добавлено: 05.02.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.