Айдын Рысбекұлы: Алаштың ұлттық мемлекет құру жөніндегі арманы орындалды

Алаштанушы Айдын Рысбекұлы студия қонағы болды. «2012 жылы «Алаш орда» үкіметінің 95 жылдығы аталып өтті. Ол кезде Семей қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде қызмет атқардым. Сол жылы Семейде «Алаш» апталығы жобасын ұйымдастырдық. Жоба аясында белгісіз «Алаш» қайраткерлерін зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Бұрынғы Ішкі істер Халық Комиссариаты мұрағатынан Мухтизар Титаховтың «Мұрат үшін майдан» драматургиялық туындысы табылды. Оған дейін біз «Алашқа» қатысты драматургия жоқ деп жүрген болатынбыз. «Алаштың» алғашқы пьессасы «Алаш орда» үкіметінің өмірінен сыр шертетін бірегей тың туынды осы «Мұрат үшін майдан» деп аталған Мухтизар Титаховтың туындысы. Мухтизар Титахов 1904 жылы Қарқаралы ауданында туған. Оның әкесі Төлек Титахов 1918-1920 жылдары Әлихан Бөкейханның хатшысы міндетін атқарған. Мухтизар Титахов 14 жасында әкесімен Алаш атты әскерінің Жетісу фронтына аттандыру рәсіміне қатысқан, барлығын өз көзімен көрген. Содан жақсы әсер алған болуы керек. 1935 жылы Алаштықтардың бәрі репрессияға ұшырағаннан соң Алаш әскерінің Жетісу фронтына аттандыру сәтін драматургия тілімен жазып шыққан. Мұның артықшылығы осында. Көзбен көріп, ақыл тоқтатқан шағы. Мухтизар Титахов Ішкі істер Халық Комиссариаты түрмесінде 2 жыл отырған. Тергеушілерге тек қана «Алаш орданың» Семейдегі кезеңін пьесса тілімен жазып берген. 2012 жылы «3 перделі 6 пьеса» деп аталатын туындының 3 суреті табылған. Бірақ Алаштанушы ғалымдардың ортасына салғанда пьессаның тағы да қалған жартысы болуы тиіс деген шешімге келді. Былтыр сәтін салып Мәскеуден содан қалған 6 перделі суреттің жалғасы табылды. Былтыр Алаштың 100 жылдығына Алаштың 7 кітабы жарыққа шықты. Соның 5-ші томы «Мұрат үшін майдан» деп аталады. Бұл кітап Алаштың сол кездегі ұлттық мемлекет құру жөніндегі арманы. Олардың арманы орындалды. Көбі Алаштың арманы орындалмады дейді. Ол дұрыс емес. Алаш ұлттық республикасы құрылды. Алаш мемлекетінің негізінде ҚазКСР құрылды, одан кейін Қазақ ССР құрылды. Сөйтіп жалғасып міне осы күнге жеттік» - дейді Алаштанушы.

Просмотров: 4 113

Длительность: 10мин 38сек

Добавлено: 01.02.2018

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.