Жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлы: Жастар қолдарына кітап тимеген соң, қайдан оқысын..

Бүгін жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Қажығали Мұханбетқалиұлы 75 жасқа толып отыр. Мерейтой иесі студия қонағы болды. Қажығали Мұханбетқалиұлы қазақ оқырманына «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Қайдасың сен, махаббат?!», «Жалғыз жиен» кітаптары арқылы таныс. «Тар кезең» романын жазушы өзінің басты шығармасы деп санайды. Даңқты Сырым Датұлы туралы бұл роман - әдебиетіміздегі тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар арасындағы айтулы еңбектердің бірі. Сондай-ақ, жазушы Р.Акутагаева, С.Моэм, Ги де Мопассан, Д.Фонвизин, басқа да шетелдік қаламгерлердің шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Соңғы 20-25 жыл шамасында қаламгерлерге қаламақы төленбейді. Алайда, олар да күн көріп, отбасын асырау керек. Осыған байланысты кейбірі кәсібін тастап, бизнеске ауысып кетті. Оларды да түсінуге болады. Біз үлкен қиналыстың үстіндеміз. Кітаптар аз тиражбен шығады. Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар. Ал, кітаптар 2 мың данамен шығады. Ол барлық кітапханаға жетпейді. Саудада тіпті жоқ. Кейінгі жастардың алдында ұят. Қолдарына кітап тимеген соң, қайдан оқысын?! Бұл - екіжақты нәрсе. Әрине, мерзімді басылымдарда шығармалар басылып жатады. Бірақ, ол бірмезеттік сәт. Кітап болмаған соң жазушы туралы ой түюге мүмкіндік жоқ», - дейді жазушы.

Просмотров: 4 645

Длительность: 13мин 31сек

Добавлено: 08.12.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.