Ерболат Шалдыбек: «Мен қазақпын» мегажобасы ұлттық өнерді кеңінен насихаттайды

Қазақтың дәстүрлі өнерінің қай саласын алып қарасаңыз да, тәлім-тәрбие, ғибраттық мәні зор болып келеді. Адам жанына нәр беретін, рухани толысуына демеу болатын осынау қасиетті өнердің қайсысы да замана көшінен қалған емес. Терме – 7-8 буынды, жыр үлгісінде, әр түрлі әуенге салып орындалатын лирикалық өлеңнің түрі. Оның да күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты сөздері болады. Терме де басқа дәстүрлі өнер сияқты халықтың өлкелік орналасуына, мақамсазының сан түрлі болуына байланысты үлкен мектептерге бөлінген. Бұл өнер қазақтан бөлек, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халықтарының тұрмыс, салт-дәстүрлерінен орын алған. Бүгінгі дәстүрлі өнердің деңгейі қалай? ҚР мәдениет қайраткері, Астана қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқытушысы Ерболат Шалдыбек пен оның шәкірттері Шыңғыс Сейтақын, Әлихан Дүйсенбай және Айнұр Қонысбаева бағдарлама қонағы болды. Ерболат Шалдыбек дәстүрлі өнер, термеге қатысты сөз қозғап, Жетісу, Алтай, Сыр, Батыс мектептерінің ерекшеліктері жайында айтып береді. «Басынан қанша қиындық өтсе де, қазақ жоғалмағаны белгілі. Ұлт болған соң жеке салт-дәстүріміз, мәдениетіміз бар. Соның ішінде бірегейі - орындаушылық өнер. Мысалы, айтыс, дәстүрлі ән-күй, терме, ертеден келе жатқан жыр-дастандар. Бүгінгі таңда осының бәрі даму үстінде. Әр өңірдің айту шебері әртүрлі. Бірақ, өнер иелері бір-бірінің жыр-термелерін кезектесіп орындайды. Мысалы, Ұлттық арнада өтіп жатқан «Мен қазақпын» мегажобасында әр өңірдің жыр-термесін айтатын бөлімдер болды. Бұл сайыс болған соң арнайы жасалған дүние. Сондықтан, кім де болса өз өлкесінің мақамымен орындайтыны белгілі. Мегажоба осылайша ұлттық өнерді кеңінен насихаттап жатыр.», - дейді Ерболат Шалдыбек.

Просмотров: 3 215

Длительность: 15мин 44сек

Добавлено: 01.11.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.