"Аналар үйінде" тұрып жатқан Айзада: Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті

Нағашы ағасынан зорлық көрген Айзаданың қазір аяғы ауыр. Ол бағдарламаға келіп, өзінің оқиғасымен бөлісті. «Қазір 21 жастамын. Ол кезде 13 жаста едім. Нағашы ағаммен (бөлем) бірге өстік, ойнадық. Ата-анасы жиі қыдырып кететін. Нағашым үйінде жалғыз өзі қонуға қорқатын. Анам бауыры болған соң ештеңе ойламай, мені сол үйге қалдырып жүрді. Бір күні ағам үйіне тағы осылай алып кетті. Кешкі уақытта тап беріп, мені зорлады. Басында түсінбей, айқай салдым, жыладым. Артынан түк болмағандай кетіп қалды. Ол кезде баламын ғой, ес білмейтін кезім. Кейін ол үйге бармайтын болдым. Анама «ұят» деп айтпадым. Өзім қорықтым, туыстық қатынастың бұзылатынын білдім. Сөйтіп жүріп, анша ауыр болса да ұмыттым. Қазір оның әйелі, баласы бар. Кейін намазхан, иманды жігітке тұрмысқа шығатын болдым. Үйленер алдында күйеуіме барлық жағдайды айттым. Ол кісі көнді. Әрине, мен үшін ол жеңілдік болды. Себебі, күйеуім түсінбейді ма деп қорқатынмын. Тұрмысқа шыққан соң бір апта өтпей арамыз суыды. Күйеуім мінез көрсете бастады. Ата-енем де өзгерді. Бір күні жолдасым: «Мен төзе алмаймын. Екеуміз ажырасамыз. Той болмайды. Анаңа хабарлас та, кет!», - деді. Осының бәрін естігенде ғана есімді жидым. Сол кезде ғана анама 8 жыл бұрын болған дүниені айттым. Күйеуім «Бала керек емес, алдырып таста!» деді. Қазір күйеуімнен хабар жоқ, «Аналар үйінде» тұрамын. Баланы да, мені де іздемейді. Мен сияқты зардап шеккен қыздар көп. Қыз-келіншектерге «қандай жағдай болса да шындықты бастан айту керек» деп айтқым келеді. Әркім кінәсі үшін жауап беруге міндетті. Себебі бұл - қыздың тағдыры. Туған-туыс, ұят дегенге салынбай уақытында жазасын беру керек», - дейді Айзада.

Просмотров: 2 243

Длительность: 13мин 21сек

Добавлено: 08.08.2017

Пользователь: Әйел Бақыты

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.