100 жыл бұрын «Алаш» партиясы құрылды

100 жыл бұрын Орынборда I жалпықазақ съезі өтіп, «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылды. 1917 жылдың 21-шілдесі – қазақ тарихындағы айтулы күн. Бұл күні Орынбор қаласында I жалпықазақ съезі ашылды. Оған Ақмола, Торғай, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-ға жуық өкіл қатысты. Съезге Халел Досмұхамедов төрағалық етті. Ахмет Байтұрсынов төрағаның серіктесі, Мыржақып Дулатов пен Асылбек Сейітов хатшылары болып бекітілді. Жиылғандар сол кездегі қазақ халқы үшін өзекті деген 14 мәселені күн тәртібіне қойды. Оның ең маңыздысы – «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығару. Съездің шешімі бойынша құрылатын партия парламенттік негізде, демократиялық ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болу тиіс еді. Алдымен алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың жетекшілік етуімен партияның облыстық ұйымдары құрылды. Бөкей ордасынан бастап, Жетісу, Ферғана және Амудария бөлігіндегі қазақ уездері, Каспий өңірі мен Алтай губерниясындағы іргелес облыстарының барлығы қазақ-қырғыз автономиясының құрамына кірді. Партия бағдарламасының жобасы 1917 жылғы «Қазақ» газетінде жарияланды. Осылайша, азаттық пен еркіндіктің идеясы үлкен бастамаларға, жаңа ғасырдағы мемлекеттіліктің қалыптасуына жол ашты. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, қазақ елі Алаш ардақтылары армандағын өркендеу мен өрлеу жолында болашаққа нық қадам басып келеді.

Просмотров: 5 301

Длительность: 10мин 44сек

Добавлено: 21.07.2017

Пользователь: Таңшолпан

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.