Сәуле Бектемірова: Ата-ана балаға мықты тәрбие беруі үшін баласын міндетті түрде қадағалауы керек

Әлем ғалымдары ұялы телефонның денсаулыққа зиянын әлдеқашан дәлелдеген. Алайда, оған екінің бірі мән бере бермейді. Қазір ересектер ғана емес, кішкентай балалар да түрлі ойындар мен қызықты видеолар көруге құмар. Ал, мамандар алдағы уақытта сымсыз телефонның кесірінен қатерлі ісікке шалдығатын адамдардың саны арта түсетінін айтып, дабыл қағып отыр. Ұялы телефон адамның ағзасына, физиологиялық дамуына, жүйке-жүйесіне кері әсерін тигізеді. Осыны біле тұра ата-аналар балалардың қолына планшет, смартфондарды ұстатып қоюды әдетке айналдырған. Бағдарлама кейіпкері Сәуле Бектемірова филология ғылымдарының кандидаты. Сәуле орта мектептегі балаларына телефон ұстатпайды. Смартфондарға тыйым салып, тежеп отырады. Ұл-қыздарының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін жыр-дастандар жаттатып, кітап оқытып, сурет салдырып, шахмат ойнатады. «Отбасымызда әжеміз, жолдасым, мен және үш баламыз бар. Қазіргі таңда жолдасым мен ортаншы балам Венгрияда тұрып жатыр. Жолдасым оқу бағдарламасы бойынша сонда кеткен. Өзім қатал, қазақи отбасында дүниеге келдім. Әкем қатал болды. Меніңше, әр қазақтың отбасында осы құндылықтар, қазақы тәрбие жоғалып бара жатқан сияқты. Егер отбасында тәрбие, тәртіп болмаса, балаңа қарамасаң, ертең ол балаға ие бола алмай қаласың. Жақында Халықаралық дөңгелек үстелде қазақша жақсы сөйлейтін Гиссен университетінің бір профессоры былай деді: «Бес балам бар. Балаларымды қазақтың ер баласы сияқты тәрбиелеймін. Себебі, қазақтың ер адамдары бала тәрбиесіне қалай қарайтынын жақсы білемін». Сондықтан, ата-ана балаға мықты тәрбие беруі үшін баласын міндетті түрде күнде қадағалауы керек. Мына қоғамда баламен күнде жұмыс жасап, бақылау керек», - дейді Сәуле.

Просмотров: 4 536

Длительность: 11мин 56сек

Добавлено: 14.07.2017

Пользователь: Айтуға оңай

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.