42 жасар Ерлан Есенбеков: Сөзіне берік, жаныма серік жан табылса екен

Қазір қоғамда жасы 40-50-ге таяп қалса да, әлі күнге аяқтанбаған жігіт ағалары көп. Солардың бірі - Ерлан Есенбеков. 42 жастағы Ерлан әлі отбасын құрмаған. Қазір ол «Алтын орда» базарында жұмысшы. «Өз қатарым аяқтанып кеткен, ал, жас қыздар маған қарамайды. Бірақ, күндердің күнінде теңім табылып, үйленетін шығармын», деп үміттенеді. Ерлан - Алматы облысы Ашсысай елді мекенінің тумасы. Сол ауылда орта мектепті бітірген. Жастайынан еңбекке араласады. Кез келген іс қолынан келеді. «Тек сөзіне берік, жаныма серік болатын жан табылса екен», дейді. «Алты ағайындымыз. Барлығы үйленген, отбасылы. Тек мен ғана бойдақпын. Орта білім алғанмын. Қазір базарда жүк тасушымын. Өзіммен қатарлас қыздар отбасын құрып қойған. Қыздармен танысып, сөйлессем «үлкенсіз» дейді. 25-30 жастағы қыздар түріме қарап менсінбейді. Ойларынан шықпаймын. Ал, мен өзімді төмен түсіргім келмейді. Ақылды және иманды әйел алғым келеді. Себебі, ақыл мен иман болса, бәріне де шыдайды. Ақылы жоқ қызды ұстай алмайсың. Адамның көркі - уақытша дүние. Бәріміз де қартаямыз. Ата-анам ауылда тұрады. Отбасым менің үйленгенімді күтіп отыр. Үйленгенде қай жер ыңғайлы болса, сол жерде тұрамын. Қара жұмыс істесем де бағамын. Тек сөзіне берік, жаныма серік жан табылса екен», - дейді Ерлан.

Просмотров: 2 807

Длительность: 9мин 33сек

Добавлено: 11.07.2017

Пользователь: Айтуға оңай

Телеканал: QAZAQSTAN

Категории: Интересные видео

Смотрите онлайн видео абсолютно бесплатно и в хорошем качестве! Вам больше не придется бороздить просторы Интернета в поисках интересного сериала или тв передачи - iTube собрал для вас все лучшее в одном портале. В iTube вы быстро и без лишних усилий найдете именно то, что нужно вам! Наши видео рассчитаны на зрителей любых возрастов и всех предпочтений.

Какие теле сериалы можно посмотреть онлайн на нашем портале: Казахстанский сериал Қызыл алма (кызыл алма), Турецкие сериалы на казахском языке Бозторғай (бозторгай) и Ертұғырыл (эртугрул), Филиппинский сериал на казахском языке Ақ пен қара (ак пен кара), Индийский сериал на казахском языке Келін (келин), Отечественные сериалы Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан, Японский сериал на казахском языке Қалампыр (калампыр). Также вас ждут последние записи популярных телепередач Казахстана, такие как: Түнгі студияда c Нурланом Коянбаевым (тунги студия), Әйел бақыты с Ләйлә Сұлтанқызы (айел бакыты), Жайдарман (квн на казахском), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) и многое другое. Смотреть видео онлайн, собранная на нашем сервисе, постоянно пополняется. Мы отслеживаем все обновления нашего телеканала, и вы можете быть уверены, что обязательно найдете их в нашем портале.