Асқар Наймантаев: Әзіл деп біреуді мазақтау өнер емес

Жуырда Ақтөбе облысында Театр фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальге еліміздің барлық өңірінің театрлары қатысты. Оның ішінде Алматы қаласынан «Терісқақпай» әзіл-сықақ театры да бар. Актер, режиссер, сатирик, «Терісқақпай» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Асқар Наймантаев Алматы студиясының қонағы болды. Актер фестиваль, театр, қазіргі қоғамда көтерілетін өзекті тақырыптар туралы өз қозғады. Асқар Наймантаев: Ақтөбе облысында өткен фестиваль - біздің жанрдағы дәстүрді сақтаған бір фестиваль. Екі жылда бір рет осындай фестивальде бас қосып отырамыз. Қазіргі «Терісқақпай» театры - жаңа, жас театр. Театр төрағасы болған соң қойылымға қатысқан жоқпын. Жас актерлер өнер көрсетті. Фестивальде оншақты театр бас қосты. Өте қызық өтті. Дайындығы мықты. Әрине, біз бүгінгі күннің, замандастардың, жастардың әзілін саралап, бақылап отырамыз. Жастарға ақыл, кеңес беріп, бірге жұмыс істеп тұрамыз. Жарыққа аса танымал емес, бірақ мықты театрлар бар. Мысалы, Кентау қаласында «Шапалақ» театры бар. Оның ашылғанына біраз уақыт болса да, халыққа аса таралмаған. Осы фестивальде театрдың жігіттері мен қыздарының актерлік шеберлігіне таңқалдым. Арзан күлкіге қатысты сын көп. Мысалы, еркек адамның әйел киімін киіп, өнер көрсетуіне қатысты пікірлер бар. Әр заманның өз талабы бар. Кәсіби деңгейі жоғары болса, актерге шектеу қоюдың керегі жоқ. Мәселе арына тию, мазақ қылу емес. Әріптестер соны шатастырып жатады. Әзіл деп қабылдап, біреуді қаралауды өнерге жатқызып алған. Ал, ол өнер емес.

Көрулер: 2 820

Ұзақтығы: 9мин 01сек

Қосылды: 27.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.