Бүгін – Кемел Ақышевтің туғанына 95 жыл

Қазақ археологиясының негізін қалаушыларының бірі Кемел Ақышевтің есімі «Алтын адаммен» қатар жүреді. Өйткен, ол Алтын адамды Қазақстанның брендіне айналдырған тұлға. Әлбетте Кемел Ақышұлы мұндай жетістікке бірден жеткен жоқ. Ол туғанда 1924 жылы қазақ даласында небір зұлматтың жүріп жатқан кезі еді. Аштық жылдары Кемелдің әкесі бала-шаға қамы үшін Омбы қаласына нәпақа табуға кетіп, қата оралмайды. Асыраушысыз қалған балаларды туыс-туғандар бөліп алады. Кемелдің анасының інісі Қаныш Сәтбаев жиендерін өз қамқорлығына алады. Қаныш Имантайұлының қолында өскен Кемел орта мектепті бітіргенге дейін Сәтбаев тегімен жүрді. Ғалымның атын әлемге әйгілі еткен Есік қаласынан табылған «Алтын адам» екені анық. Алайда оны үлкен ғылымға алып келген ең ірі археологиялық жұмыстарының алғашқысының бірі - Сақ дәуірінің ескерткіші. Кемел Ақышев нағашысы Қаныш секілді археолог болуды армандады. Алайда Екінші дүниежүзілік соғысының кесірінен мақсатына жете алмады. Өйткені соғыста оң қолына оқ тиіп, жарақат алып, жүк көтере алмайтын халге түседі. 1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Кемел Ақышұлы Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты.

Көрулер: 1 693

Ұзақтығы: 2мин 41сек

Қосылды: 23.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.