Ақнұр Есен: Ерекше қасиетім бала кезімнен бойыма дарыған

Қазақта «ел іші - өнер кеніші» деген жақсы сөз бар. Өнер - таусылмас байлық. «Shańyraq» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – «Тасадағы таланттар». Тасадағы таланттар - әлемде аз кездесетін адамдар. Көп адамның қолынан келе бермейді, үйренейін десе де үйрене алмайды. Студияға қонаққа ерекше қабілеті бар жандар келіп, өз өнерімен бөлісті. Олардың бірі - барлық сөзді керісінше оқи алатын, ауызша айтқан сөзді кері айтып бере алатын Ақнұр Есен. Ақнұр бұл қасиет бойына бала кезінен дарыған дейді. Ғылымға сүйенсек, мұндай қасиетке амбидекстр адамдар ие болады екен. Амбидекстр - миының екі жарты шары да бірдей дамыған адам. Екеуінің біреуінің ғана басымдығының болмауы адамның оң қолмен де, сол қолмен де бірдей жақсы жұмыс істеуіне әкеледі. Леонардо да Винчи - ең әйгілі амбидекстр. Ол екі қолымен де сурет салған және сурет өнері, саз, математика, инженерияда да дарынды болған. Академик Андрей Сахаров, музыкант Джимми Хендрикс, АҚШ президенті Гарри Трумэн, өнертапқыш Никола Тесла, актер Том Круз, теннис шебері Мария Шарапова және басқа да танымал адамдар амбидекстрлер қатарында. Бүгінгі күні ер адамдардың 10 пайыздан азы, әйел адамдарың 15 пайызға жуығы амбидекстрлер екен.

Көрулер: 1 839

Ұзақтығы: 10мин 31сек

Қосылды: 21.05.2019

Пайдаланушы: Шаңырақ

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.