25-26 мамыр күні Алматыда «Халық барысы» өтеді

Елімізде еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим күресі, дзюдо, волейбол, тоғызқұмалақ, теннис, футбол, баскетбол, бокс спорт түрлері жақсы дамыған. Онымен қатар қарқынды дамыған спорт түрінің бірі – қазақ күресі. ҚР Қазақ күресі федерациясының менеджері Алтай Бимен «Tańsholpan»-ның қонағы болып, қазақ күресі спортындағы жаңалықтармен бөлісті. «Жыл сайынғы дәстүрге айналған күрес биыл Түркістан облысының Темірлан елді-мекенінде өтті. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Моңғолия елдерімен қатар еліміздің барлық өңірлерінен 300-ге тарта палуан қатысты. Ақтық сында Руслан Әбдіразақов жеңіске жетсе, моңғолиялық Серік Бердімұрат пен Дорж Анарға екінші және үшінші орын бұйырды. Бұл жолы турнирдің бас жүлдесіне жаңа автокөлік тарту етілді. Қазақтың кең даласында күрестің түрі көп. Ол жебе, бәйге, белдесу. Белдесу - қазіргі тілмен айтқанда қазақша күрес. Белдесу қазақтың жыр-дастан, тарихында кездеседі. Белдесудің ерекшелігі – шығыны жоқ. Халық спорты болған соң оған міндетті түрде кәсіби спортшы емес, кез келген адам қатыса алады. Өйткені, ережелері қарапайым. Жарыстың ең қызық жері – жүлде. Жүлде қоры жалпы 20 млн. теңгені құрайды. Чемпионға 9 млн, жаттықтырушысына 1 млн, екінші орын – 9 млн, үшінші орын - 5 млн, төртінші орын - 3 млн. теңге», дейді Алтай Бимен. 25-26 мамыр күні Алматы қаласында өтетін турнирді «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Көрулер: 1 622

Ұзақтығы: 8мин 38сек

Қосылды: 21.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.