Қазақстан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Композитор» көркем фильмі көрерменге жол тартты

Бүгін Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан мен Қытай алғаш рет бірге түсірген «Композитор» көркем фильмінің тұсаукесері өтеді. Көркем фильмді бірлесіп түсіруге екі елдің үкіметі бастамашы болып, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзиньпин 2015 жылы 31 тамызда қол қойған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім аясында қолға алынды. Ш. Айманов атындағы «Қазақстан» АҚ мен Shineworks Pictures кинокомпаниясы арасында кинокартинаны бірлесіп түсіру, қаржыландыру және пайдалану бойынша серіктестік туралы келісім жасалды. Фильмнің қоюшы режиссері Шерзат Якуб, режиссер Сәбит Құрманбеков, Бақытжан Байқадамовтың рөлін сомдаған актер Берік Айтжанов, Сянь Синхай мен оның әйелінің рөлін ойнаған қытай актерлері Ху Чжунь мен Юан Чуан шығады. Осыған орай бүгін фильм режиссері Сәбит Құрманбек пен актриса Алтынай Нөгербек «Tansholpan»-ның қонағы болды. «Композитор» - екі мемлекеттік басшыларының бастамасымен жасалған жоба. Туынды екі елдің ұлы сазгерлері Бақытжан Байқадамов пен Си Син Хайдың өмірі мен өнер жолына арналады. Фильм композитор Сянь Синхайдың Кеңес Одағындағы, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кездегі өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы сыр шертеді», дейді режиссер.

Көрулер: 1 402

Ұзақтығы: 12мин 28сек

Қосылды: 17.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.