Тілектес Мейрамов: Әрбір жас білім жолында өзін-өзі қамшыласа алынбайтын қамал жоқ

Қазақстанның халық әртісі Тілектес Уахитұлы 1948 жылы Қарағанды облысында туған. 71 жасар профессор әлі де болса сахнамен қоштасуға асықпайды. Алдағы уақытта жастарға үлгі болып, тәжірибесімен бөлісемін дейді. Алғашқы рөлі - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында қойылған Қозы кейіпкері. Одан басқа Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлуы», «Амангелді», Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» қойылымдарында, сонымен қатар шетел драматургтерінің аударма шығармаларында бірқатар басты рөлдерді орындап, жоғары сахналық мәдениетімен, эстетикалық талғампаздығымен ерекшеленді. «Өнерге келгеніме 50 жыл болып қалды. Театр – менің өмірім. Алғашқы спектаклім, сахнаға шыққан күнім, дайындығым дәл қазіргідей көз алдымда. 200-ге жуық рөлді ойнадым. Біздің жұмыс үнемі қимыл-қозғалысты талап етеді. Қалған уақытта шахмат ойнаймын. Кітап – менің бұрыннан келе жатқан әуестігім. Классикалық шығармаларды ұнатамын. 50 жылдан бері сүйген мамандығыммен айналысып жүргенім қуантады. Әрбір жас дүние жолында емес, білім, мамандық жолында өзін-өзі қамшыласа алынбайтын қамал жоқ», дейді өнер иесі.

Көрулер: 1 692

Ұзақтығы: 2мин 59сек

Қосылды: 14.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.