Қалдыбек Құрманәлі: Көркемдік кеңес қазақ мәдениеті мен өнерін алға жылжыту үшін керек

Бүгін – композитор Қалдыбек Құрманәлінің туған күні. Өнер иесі «Tansholpan»-да шығармашылығымен бөлісіп, құттықтаулар қабылдады. Композитор соңғы кездерде ән, өнерге байланысты маңызды тақырыптарды көтеріп жүр. Мысалы, көркемдік кеңес құру. Отандық өнерде көркемдік кеңес құрылса ол қалай жұмыс жасайды? Қандай өзгерістер әкеледі? «Көркемдік кеңес қазақ мәдениеті мен өнерін алға жылжыту үшін керек. Бұл құрылым кеңес одағында да болған, өз нәтижесін берген. Сол кезде лапылдап шыққан Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуовтің әні де, мәтіндері де бір-біріне ұқсамайды. Ол кезде қазақ радиосында көркемдік жұмыс керемет жұмыс істеген. Көркемдік кеңестен өткен әндер қазақ халқына әлі де азық болып келе жатыр. Көркемдік кеңеске цензура деп қарамау керек. Қазір кім көрінген әнші болатын болды. Ол нені білдіреді? Қоғамды ластап жатырмыз. Ал, біздің ата-бабадан келе жатқан халық әндеріміз, өнеріміз бар. Сол ән мен өнерді сол қалпында келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Қазір шетелден әнді де, мәтінді де ұрлайды. Бұрындары бір әннен кемшілік тауып, әріптесімізге айтсақ, ол ұялатын. Қазір ұятты қойды. Мұның бір жолы – мемлекеттік мекеме құрылу керек. Ол мен үшін емес, халық өнерін сақтап қалу үшін», дейді өнер иесі.

Көрулер: 1 685

Ұзақтығы: 9мин 03сек

Қосылды: 13.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.