Әсия Керімтаева: Құжаттарды жинау мақсаты – болашақ ұрпаққа құжаттар арқылы патриоттық тәрбие беру

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде 400 мыңға жуық жазба сақталса, оның мыңнан бір бөлігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан сыр шертеді. Ұлттық архив Екінші дүниежүзілік соғысының аяқталуының 65-жылдығына орай соғысқа қатысқан ардагерлердің құжаттарын жинауға акция жариялаған болатын. Акция аясында 100-ге жуық құжаттар келіп түсті. Құжаттарды жинау мақсаты – болашақ ұрпаққа құжаттар арқылы патриоттық тәрбие беру. Сақтауға алынған құжаттар арасынан 1941 жылғы шілде айының ортасында республиканың әр облысында жаппай майданға тарту жұмыстарының жүргені жөніндегі құжаттар, азаматтар мен азаматшалардың әскер қатарына өз еркімен өтуі туралы өтініштерінің көшірмелерін көруге болады. Сондай-ақ, жауынгерлердің соғысқа қатысқандығын айқындайтын кітапшалар, әскери билеттер, соғыс кезінде жараланғандығы жөніндегі анықтамалар, майдан алаңынан жолданған суреттер мен хаттар бар. Архивтегі дүниелер Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеуге зор септігін тигізері сөзсіз. ҚР Ұлттық архиві құнды құжаттарды жинауды әлі де жалғастырып жатыр.

Көрулер: 1 809

Ұзақтығы: 3мин 16сек

Қосылды: 08.05.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.