Жайдарбек Күнғожинов: Қазақ каскадерлары шетелде жоғары бағаланады

Жайдарбек Күнғожинов – көптеген жүлделерге ие болған танымал отандық каскадер. Оның «Nomad Stunts» тобы «47 ронинов», «Неудержимые 2» фильмдерінде, «Марко Поло», «Бахубали» хикаяларында, «Тобол» және тағы басқа әйгілі фильмдерде трюктер қойған. Жұмыс аумағы – Голливуд пен Боливуд арасы. «Nomad Stunts» тобы әлемдік деңгейдегі кинотуындыларының шығуына атсалысып келе жатыр, шәкірттерінің өнеріне сұраныс жоғары. Актер, «Nomad Stunts» каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Алматы студиясының қонағы болды. «Nomad Stunts» тобының каскадерлері Сильвестр Сталлоненің командасында өнер көрсетті. Кино алаңда Арнольд Шварценеггер, Брюс Уиллис, Джет Ли, Киану Ривз, Натали Портманмен голливудтық және ресейлік актерлермен кездестік. Қазір жаңа жоба жасаудамыз. Актер Брюс Ли кезінде сценарий жазып кеткен болатын. Алайда оны түсіре алмады. Енді оның қызы сол сценарийді көтеріп, сериал түсіруді жоспарлап отыр. Голливудтық жобаға түсуге біздің топтан алты адам кетті. Шетелдік жобаларда қазақ каскадерлары жоғары бағаланады. Өзім осы өнерді бастағанда шетелге барып үйрендім. Ал, қазір шетелдік каскадерлар бізге келіп, үйреніп жатыр. Отандық жобалардан «Томирис», «Балуан Шолақ» тарихи туындыларға қатыстық. Тарихи кинода ойнаудың қауіпі көп. Жұмыс қиын, бірақ қызық болды. Биыл үлкен жобалар көп. Ол Жапония, Жаңа Зелендия және Чехия елінде түсірілетін кинотуындылар. Одан басқа Қазақстанда да бір-екі жоба бар», дейді актер.

Көрулер: 2 014

Ұзақтығы: 11мин 34сек

Қосылды: 18.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.