«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күнінің шығу тарихын білесіз бе?

Ғашықтық – махабаттың ең үлкені (Шәкәрім). Адам баласы ұлы махаббат сезімін бұрыннан қадірлеп, ерекше қастерлеп келген. Әр халық осы сезімді құрметтеп, түрлі күндерді ойлап тапқан. Біздің елімізде де махаббатты қастерлеудің күнін белгілеу ұсынылған болатын. Кіршіксіз махаббатқа толы жүрек иелері Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні барлық жақындарымызға, ғашықтарымызға сезімімізді білдіруге, құрмет көрсетуге себепші. «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу», яғни ғашықтар күнінің шығу тарихы туралы түрлі деректер бар. Ғаламторда ең алғаш болып атаулы күнді тойлауды 1999 жылы қоғам қайраткері Дархан Мыңбай ұсыныс ретінде көтерген. Ол қос ғашықтың атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды. Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың махаббаты сәтсіз аяқталғанын білеміз. Ал, бұл мерекені дәл осы ғашықтардың есімімен атау қаншалықты дұрыс? Омар Жәлел: Бұл жерде ғашықтардың қосылу немесе қосылмауы маңызды емес. Бұл жерде ең бастысы – ғашықтықтың өзі. Ғашықтық үлкен мектеп. Сүйе білуді, тұрақтылыққа үйретеді. Ғашықтар күні құтты болсын!

Көрулер: 3 748

Ұзақтығы: 2мин 18сек

Қосылды: 15.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.