Бүгін - Дүниежүзілік авиация және космонавтика күні

Осыдан 58 жыл бұрын Юрий Гагарин қазақ жерінен көкке самғап, адамзат тарихындағы маңызды оқиға болды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, ғарышқа сапар 1 сағат 48 минутқа созылған екен. Осы оқиғадан 20 жыл өткен соң ғарышкерлер орбитада бірнеше апта бойы жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Ғарышқа тұңғыш көтерілген жер серігі Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа алғаш сапар шеккен адам да қазақ жерінен аттанды. Елу сегіз жылдың ішінде адамзат баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып қайтты. Олардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де бар. Осыған орай елдордада арнайы көрме өтіп жатыр. Көрмеде үлкен де кіші де ғарыш әлемімен танысуға мүмкіндік алады. Одан басқа күні кеше елордадағы оқушылар сайрайында мерекеге орай Айдын Айымбетов атындағы ғарыштану сыныбының ашылу салтанаты өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылардың осы салаға қызығушылығын ояту, қазақ жерінен шыққан ғарышкерлердің еңбегі мен ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Көрулер: 2 322

Ұзақтығы: 5мин 33сек

Қосылды: 12.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.