Рүстем Әбдіраш: Ұттық киноға жарнама жетпей тұр

Рүстем Әбдіраштің «Алтын тақ» фильмі «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» кинодастанының жалғасы. «Алтын тақ» жас қазақ мемлекетінің тұс-тұстанан талаған сыртқы жаулармен арпалысын баяндайды. Фильмде шытырман оқиғалар, майдан сахналары мен ауыр сынақтар, жеңіліс пен қуанышты жеңіс сәттері қатар көрініс тапқан. Кино режиссері Рүстем Әбдіраш Алматы студиясының қонағы болып, түсірілім жұмыстары, актерлар ойыны сын туралы сөз қозғап, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. «Қандай кино болса да актер таңдау барысында кейіпкерді елестетіп, оған ұқсайтын, рөлді жақсы алып шығатын адам іздейсің. Бірінші мамандығым кино суретшісі болғандықтан, киноның барлық жағына назар аударасың. Қазір жаңа технологиялар көп. Олардан тыс қалмауға тырысамыз. Біздің кино дамып келе жатыр деуге болады. Өзіміздің қазақтардың кино саласында орын тауып жатқанына қуанамын. Жақында киноны жарнамалап, ел аймақтарын аралаймыз. Жарнаманың аздығына назар аударғым келеді. Кино туралы заңда ұлттық киноны көрсету уақытына қатысты ұсынылған нормалар мен жарнама жұмыс жасап жатқан жоқ. Кинотеатрлар көрерменге киноны қазақ және орыс тілінде ұсынуы тиіс. Ешкімді ренжітпейік деп киноны 100 пайыз орыс тіліне аудардық. Аударма кейіпкердің дауысына, жасына қарай сапалы жасалды. Біздің ұлттық киноға тек жарнама жетпей тұр», дейді қонақ.

Көрулер: 2 348

Ұзақтығы: 15мин 26сек

Қосылды: 04.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.