Жазушы Доқтырхан Тұрлыбек: Арзан күлкімен жүре берсек нағыз күлкіден айырыламыз

Әлеуметтанушылардың айтуынша, қазір адамдар бір ғасыр бұрынғымен салыстырғанда аз күледі екен. Осылайша күлмесхандар қоғамына айналып кетпейміз бе? Күлкі туралы не білесіз? Адамның күлкісінің азайып кетуіне не ықпал етті? «Qareket» бағдарламасының бүгінгі тақырыбы – «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». Студияға келген сатирик, әзіл-сықақшылар өз пікірлерімен бөлісті. «Қазіргі қоғамда күлкінің арзандап кеткені рас. Не көп? Театр көп. Театрдың көптігі соншалық, оларды ажыратып, кімнің кім екенін, олардың ойынын айту қиын. Не болса соған күле беретін болдық. Сахнаға амалсыз қарап отырамыз», дейді сатирик Толымбек Әлембекұлы. «Күлкі көбеймесе, азайған жоқ. Өмірдің өзі күлкілі болып кетті. Адамдар әзілді өмірден алып, жазып үлгермей жатады. Рейтинг, арзан әзіл, жанұя, ауыл арасындағы әңгіменің ортасынан шыға алмай жатырмыз. Ол қоғамның дәрежесі», дейді Ақылбек Досжанов. «Ең арзан күлкі теледидарда. Қосып қалсаң ұлтқа қатысы жоқ арзан күлкі. Күлкінің де үлкен тәрбиелік мәні бар. Рейтинг деп арзан күлкімен жүре берсек, ұлтымыздың жақсы жағынан айырылып қаламыз. Демек, нағыз күлкіден айырыламыз», дейді жазушы Доқтырхан Тұрлыбек.

Көрулер: 2 508

Ұзақтығы: 13мин 40сек

Қосылды: 02.04.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.