6 сәуір күні Ұлттық арнадан «JańǵyryQ» жобасының тұсаукесерін көруге болады

Жақында «Qazaqstan» телеарнасы отандық әншілердің қатысуымен «JańǵyryQ» жобасын бастайды. Жоба продюсері Мақпал Жұмабай мен әнші Ербол Нариманұлы «Tansholpan»-ның қонағы болып, жаңа жобаның ерекшеліктері мен мақсаты туралы сөз қозғады. «Қазіргі уақытта қазақ өнерінде заманауи өзгерістер болып жатыр. Қоғамның ішінде жаңашылдық процестер жасайтын, ортасында жүретін адамдар болады.Біз соның ішінде болсақ деген үміті бар адамбыз. «JańǵyryQ» жобасы осындай үлкен ойдан туды. Мен өзімнің өлеңдерімді музыкаға салып орындағаныма 13 жыл болды. Өсе келе кәсіби музыкамен айналысып, топ құрып, концерт ұйымдастырып жүргенде Ұлттық арна басшысы Ерлан Тынымбайұлы авторлық музыкаға арналған жоба жасау туралы идея ұсынды. Кәсіби тұрғыда мұндай жоба жасай алатынымды түсіндім. Қазір жинаған тәжірибем мен мүмкіншіліктерім басқа жастарға көмек бере алатынын түсіндім. Бұл жоба барлығымыздың бір жерге бірігуімізге, бір мақсатқа жұмылуымызға, Қазақстандағы тың жол салып келе жатқан авторлық музыканы халыққа басқаша таныстыруға мүмкіншілік береді. «JańǵyryQ» жобасы заманауи қазақ музыкасында өз жолын салып келе жатқан авторлық музыкаға арналған. Жобаның басты ерекшелігі – толық жанды дыбыс. Қазақ телевизиясына, қазақтың қоғамдық-мәдени өміріне толық жанды дыбыс енгізгіміз келеді. Және өзіндік ойымен, өнерімен, ешкімге ұқсамай, өз жолымен жүріп келе жатқан әншілерді халыққа таныстырсақ дейміз. Сондай жастардың бірі - Ербол. Ол ұзақ жол жүріп өтті. Осындай жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген Ұлттық арнаға алғысымыз шексіз», дейді Мақпал.

Көрулер: 1 369

Ұзақтығы: 20мин 07сек

Қосылды: 02.04.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.