29 наурыз күні Алматыда бұрын-соңды болмаған концерт-спектакльдің премьерасы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің 85 жылдығына орай, 29 наурыз күні Құрманғазы оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының бірлескен жобасы «Аманат» концерт-спектаклінің премьерасы өтеді. Бұрын - соңды болмаған шараның ерекшелігі - жоба көрермендерге тек оркестрдің орындауындағы танымал шығармаларды тыңдатып ғана қоймай, музыка арқылы қазақ халқының тағдырына үңілуге мүмкіндік береді. Концерт-спектакльдің дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері - Абылай Тлепберген. Осыған орай дирижер Абылай Тілепберген пен театр актері Бейбіт Мұратбекұлы «Tansholpan»-ның қонағы болды. «Жаңа жоба екі ұжым үшін болмаған жаңалықтың бірі. Себебі театрда жанды дауысты сүйемелдеу болмаған, ал, бізде жанды музыкадан басқа актерлердің ойыны болмаған. Осы екі сала бір арнада тоғысып, қызықты кеш өтеді. Концерттің концепциясы Қорқыт бабадан бастау алып, дәуір-дәуірмен көрсетіледі. Қазақтың күйлері мен әндері орындалады. Көрермен күйлерді сахналық образда көріп, басқа әлемге түседі. «Аманат» спектаклінде монологтар оқылады», дейді Абылай Тілепберген.

Көрулер: 1 399

Ұзақтығы: 12мин 53сек

Қосылды: 29.03.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.