Ұлттық қолөнер қазір қандай кезеңді басынан өткізіп жатыр?

Әрқандай дүниені, құбылысты бағалаудың өз тетіктері, кезеңдері болады. Дүниеде өнер атауының атасы мен анасы болады. Анасы – ән-әуен болса, атасы - қолөнер мен ою-өрнек. Бұл тамыры терең мәселе. Қолөнердің ерекше тәрбиелік мәні бар. Қолының ебі бардың біреуге себі бар. Зер қадірін зергер білер. Өнер атауын тану үшін әуелі қолөнерді зерттеп, мұра ретінде сақтау керек. Ұлттық қолөнер қазір қандай кезеңді басынан өткізіп жатыр? Қолөнерді дамытып, сақтау үшін не істеу керек? Бүгінгі «Qareket» бағдарламасында ұсталар, зергер, қолөнер мамандары мен сарапшылар осы сауалдарға жауап іздейді. «Бұл сауалға зерттеу жасау қиын. Мысалы, қолөнердің өзін тікелей зерттеген болсақ, бұл өнермен айналысатын адамдар өте аз. Бұл сала даму үшін сұраныс керек. Елімізде 18 млн халық тұрады. Осы 18 млн халықтың 10 пайызы болса да осы бұйымдарға сұраныс болса ғана дамиды. Ал, сұраныс төмен. Екіншіден, бұйымдар қымбат. Себебі тауар жасауға кететін күштің өзіндік құны қымбат. Яғни тауарды сатып алуға әрбір адамның төлем қабілеті келе бермейді. Одан кейінгі мәселе - қолөнершілікке шетелдік техника мен прогресс келмеген. Елдегі малдың терісі шет елге жіберіліп, ол жақта өңделіп, біздің елге қайта сатылады. Бірақ жоғары бағамен. Демек, қолөнершілерге шикізат қымбат түседі. Тағы бір мәселе, Қытайда үлкен қолөнер көрмелері ұйымдастырылады. Олар біздің елдің ішінде қолөнермен айналысатын адамдарды іздейді. Мысалы, қолдан жасалған жейденің 200 мыңы керек дейді. Ал, біздің ұсталар ондай көлемде бұйым жасай алмайды. Қытай ай сайын алуға дайын болса, біздің ұсталар бір-екі жыл жасаймыз дейді. Сондықтан бұл жерде қолөнерді кәсіпке айналдырып, жетік технология кіргізу керек. Ол үшін оларға мемлекеттік көмек, гранттар керек. Мысалы, қолмен жасалған нәрселерді шет елде арнайы құрылғылар жасайды. Ол техниканы алып келіп, ұсталарды біріктіретін орталық керек. Және де осы салаға кемінде 5 жыл тиіспеу керек. Өйткені олар дамып, өркендеуі керек. Экспорттауға дайын болған кезде оларға қолдау көрсету керек. Демек, мемлекет тарапынан арнайы бағдарлама, субсидиялар керек», дейді экономист Мақсат Серәлі.

Көрулер: 1 931

Ұзақтығы: 11мин 47сек

Қосылды: 19.03.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.