Бұхар Қалқаманұлы атындағы музей жәдігерлері туралы не білесіз?

Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінің негізі 1990 жылы қаланып, 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды. Музейде 47 мыңнан астам экспонат бар. Оның ішінде 13 мыңға жуығы түпнүсқа болып есептеледі. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған. Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғулан, Жаяу Муса, Шәкен Айманов, және т.б. өнер адамдарының жеке заттары, жәдігерлері, қолжазбалары, өздері жасаған заттар музейдің баға жетпес құнды қазыналары. Бас бөлмеде музей қонақтарын Бұхар Жырау, Мәшһүр Жүсіп сынды тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы ерекше қызықтырады. 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын қамтитын бөлім Жүсіпбек Аймауытовтан басталады. Мұнда қаламгердің отбасылық суреттері, ұстаған бұйымдары және басқа заттары бар. 1926 жылы тұңғыш рет Қызылорда қаласында кітап болып басылып шыққан «Қартқожа» романының түпнұсқасы да осында. Ертіс аймағында дүниеге келген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың атындағы ауыл да бар. Дүниеден ерте қайтқан қаламгердің шығармаларының жарыққа шығуына Жүсіпбек Аймауытов, Дихан Әбілов сынды ізбасарлары ұйытқы болған. Қазақ киноөнерінің негізін қалаушы, актер, режиссер Шәкен Кенжетайұлы Айманов Баянауыл аймағында дүниеге келген. Режиссердің соңына қалдырған туындыларының қатарында қалдырған, өзі басты рөлді ойнаған «Алдар көсе» фильмі де бар. Одан басқа музейде осы өңірде өсіп, шығармашылығымен елге танылған түрлі ұлт өкілдері қаламгерлерінің туындылары бар. Музей жаңалықтарының бірі - жастар жылына орай әр салада көзге түсіп жүрген жастарға арнайы ашылған бөлім. Ұлы тұлғалардың ұрпағы ретінде еңбектерін насихаттау – парыз.

Көрулер: 1 854

Ұзақтығы: 2мин 39сек

Қосылды: 13.03.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.