Бүгін ҚР Халық жазушысы Әбділда Тәжібаевтың туғанына 110 жыл

Әбділда Тәжібаев «Біздің поэзияда барлығы бар, жолдастар. Бұлдыр көретін көз емес, жарық, айқын көретін көз керек. Оны айтатын сөз керек. Сылдыр сөз емес, ғылыми, азаматтық сөз керек» ҚР Халық жазушысы, ақын Әбділда Тәжібаев қаламынан туған өлеңдері осы уақытқа дейін халықпен бірге жасап келе жатыр. Ол әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жас Әбділданың өлеңге, әдебиетке деген құштарлығын оятқан анасы мен нағашы атасы. Анасы Айманкүл араб, парсы тілдерін жақсы білетін сауатты, көзі ашық, көңілі сара кісі болған. Ол Әбділдаға өзі хат танытып, әдебиет үлгілерін оқытып үйреткен. Әбілда Тәжібаев отты жыр, салмақты сөзімен қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырды. Ол еңбек жолын 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде хат тасудан бастаған. Сол жылы өлеңдерін де баспа беттерінен жариялай бастады. Талантымен дараланған ақын араға 10 жыл салып Қазақстанның Жазушылар одағының төрағасы болып сайланады. Өнер мен қызметті тең ұстаған ол «Жамбыл» кинофильмін таспалауға үлесін қосып, сценарийін жазды. Жазушы қазақ поэзиясына әсерлі, сапалы көркем ұғым кіргізіп келе жатқан ақын деп бағалаған. Өскелең ұрпақ та қаламгердің туындыларын жаттап, кітапхана сөресінен іздейді.

Көрулер: 4 115

Ұзақтығы: 2мин 41сек

Қосылды: 04.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.