Мұхамеджан Тынышпаев атындағы музейі Жетісудағы іргелі тарихи орындарының бірі

Тарихтың қойнауына үңілсек, елінің ертеңі, ұлтының болашағы үшін күрескен, оны сүйіп, алысқан бабалар еске түседі. Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдіктің басында қазақ оқығандары тұрды. Ал, қазір сол істің барлығы тарихқа айналды. Ұлт тәуелсіздігінің басында тұрған тағдырлы тұлғаның бірі де бірегейі Мұхамеджан Тынышпаевты айтпай кету мүмкін емес. Тарихи тұлғаның өлшеусіз еңбегі осы күнге дейін халық үшін қызмет етіп келеді. «Tansholpan»-ның тілшілері Мұхамеджан Тынышпаев Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне арнайы барып, тұлғаның мұрасымен танысып келді. Музей Талдықорған қаласы мен жақын аудандардың оқушылары жиі келетін орындарының бірі. Мұхаметжан Тынышбайұлы қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері. Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы Жетісу облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Музейдің Мұхаметжан Тынышбайұлына арналған бөлімінде қайраткердің Қазақстан-Сібір темір жолын салудағы еңбегінен мағлұмат беретін деректері жетерлік. Құжаттар, зерттеуші ретінде жазған қазақ тарихы, «Ақтабан шұбырынды» атты еңбектері де осында. Қуғын-сүргінге ұшырап, Өзбекстан түрмесінде қайтыс болған тұлғаның өмірден өткені туралы анықтама, отбасымен түскен суреттері бар. Үлкен ұлы Қазақстанның халық әртісі, кинооператор Ескендір Тынышпаев «Қазақфильм» киностудиясының негізін қалаушыларының бірі.

Көрулер: 4 349

Ұзақтығы: 4мин 12сек

Қосылды: 01.02.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.