Маралтай Райымбекұлының Мәді күйші туралы кітабы жарық көрді

Қазақ радиосының алтын қорына кірген күйші Мәдінің аты қалың көпшілікке аса танымал емес. Тасада қалып қойған күйшінің өмірі, тағдыры мен шығармашылығы туралы не білесіз? Жуырда күйшінің ғұмырбаяны туралы «Мәді» атты кітап жарық көрді. Туындының авторы ақын Маралтай Райымбекұлы Алматы студиясының қонағы болып, күйшінің өмірі мен шығармашылығы туралы сөз қозғады. «Біздің көптеген мұра, рухани қазынамыз әлі қоймада жатыр. Мәді деген кім? Ол ақын, домбырашы, күйші. Шын мәнінде Мәді Қазақ радиосында өзінің орындауындағы 24 күй жаздырған. Мәді Шәутиев Жамбыл облысы, Сарысу ауданында дүниеге келген. Алты жасында ата-анасынан айырылып, туысының қолында өсіп-жетілген. 18 жасында ауруға шалдығып, екі көзі көрмей қалған. 70 жасына дейін сондай жағдайда ғұмыр кешті. Ол кісіні бала кезімізде көрдік. Бірақ оның осындай терең екенін зердей алған жоқпыз. Бұл кісі туралы қазақтың жазушы, композиторы Илия Жақанов 1962 жылы күйшіге барып, арнайы күйлерін жазған. 1972 жылы Мырзатай Жолдасбеков Алматыға шақыртып, қонақ етіп, дүниелерін радиоға жаздырған. Рухани жаңғыру аясында Мәди күйші туралы кітап жазып, оған ескерткіш қоямын деген сөз айттым. Айтылған сөз – атылған оқ. Ауылда ескерткіш орнаттық. Оны жасаған - белгілі мүсінші Алтай Бисенов. Одан басқа, беделді өнер адамдарын Сарысу ауданына шақырып, конференция өткіздік. Ол кісі туралы аңыз көп. Барлығы кітапта жазылған», дейді ақын.

Көрулер: 4 095

Ұзақтығы: 10мин 39сек

Қосылды: 31.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.