Меруерт Сепбосынова: Күйеуім құлдықта жүр ме, әлде есінен айырылып қалды ма, білмеймін...

«Qareket» бағдарламасына айдың-күннің аманында отағасынан айырылып, хабар-ошарсыз кеткен азаматтың жары Меруерт Сепбосынова келіп отыр. Еден жуып жүрген ана кейде ел-жұрттан жасырып көз жасын сүртіп алады. Үлкен ғимараттың еденін жарқыратып, терезесін тазалағанымен, өз көңілінің терезесін сүртіп беретін адам жоқ. Алуан ойлар, сансыз сұрақтар, алмасып отыратын күдік пен үміт сананы шаршатып отырады. «2016 жылы күйеуім жоғалып кетті. Содан бері ешқандай хабар жоқ. Жолдасым жоғалғанда кішкентайым 3 айлық еді. 4 баланы жеткізу үшін Алматыға көшіп келдім. Жалдамалы пәтерде тұрамын. Ешкімге алақан жайып отырғаным жоқ. Балаларым әкесін іздейді, сағынады. Әр адамның орны бөлек. Маған жолдасым, балаларыма әке керек. Қандай жағдай болса да, ыстық-суығына көніп келемін. Құлдыққа алып кетті ме, не есінен айырылып қалды ма деп те ойлаймын. Бала шағамды асырау үшін кез келген жұмыс істеп жатырмын. Бұрын 4 жұмыс істейтінмін. Қазір денсаулығыма байланысты бір жұмыс жасаймын. Балаларымды жеткізсем деген мақсатым бар. Арманым – балаларымды биіктен көру», дейді Меруерт. Бұл жағдайда әрі қандай қарекет жасау керек? Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың баласына қандай әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған? «Qareket» бағдарламасына келген мамандар осы сұрақтарға жауап берді.

Көрулер: 2 667

Ұзақтығы: 49мин 02сек

Қосылды: 30.01.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.