«7-20-25» бағдарламасының үлгісінде көлік несиелендіру бойынша жаңа жоба енгізілуі мүмкін

Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы осындай ұсынысын жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяны қолдағанымен, бизнесті қолдауға бағытталған бағдарламаның жүзеге асырылуын сынға алды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен 600 млрд теңге бөлініп отыр. Елбасы көбіне кредиттер тиімсіз кәсіпорындарға беріліп, олар қарыздарын өтей алмай жатқанын айтты. Сондықтан Данияр Ақышевқа бұл бағыттағы жұмысты қадағалау тапсырылды. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің былтырғы жұмысына оң бағасын берді. Өйткені ғаламдық экономиканың тежелуі мен сауда-саттықтың төмендеуіне қарамастан, Қазақстанның ЖІӨ өсімі - 4, ал сауда-саттық өсімі 7,6 пайызды құрап отыр. Инфляция да жоспарланған 5 пайыз деңгейінде қалды. Әлеуметтік салаға баса назар аударылды. Халықтың нақты табысы артып, ең төменгі жалақы көрсеткіші көтерілді. Былтыр 500 мың адам баспаналы болғаны да қуантарлық жайт. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру үшін биыл да аянбай еңбек етуді тапсырды.

Көрулер: 1 564

Ұзақтығы: 1мин 48сек

Қосылды: 30.01.2019

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.