Аңшылық кәсіп пе, еріккеннің ермегі ме?

Жыл өткен сайын Қазақстанның Қызыл кітабы қалыңдап барады. Жыл өткен сайын аң мен құстың қатары сиреп бара жатыр. Жыл өткен сайын аңшылықты кәсіп те емес, өнер де емес, еріккеннің ермегі деп түсінетіндер де көбейіп келеді. Қазақстан - саятшылықты спортқа кіргізген алғашқы ел. Саятшылық өнер табиғаттағы тепе-теңдікті бұзбайтын, ұлы үйлесімге кесірін тигізбейтін еді. Аңшылықтың өз заңдары бар. Ал, қазір тексіз аңшылыр пайда болды. Бүгінгі жабайы браконьерлік пен дәстүрлі аңшылықтың айырмашылығы қандай? Елімізде неше саятшы бар? Аңдар мен құстарды қорғау үшін не істеу керек? Бұл туралы «Qareket» бағдарламасына келген мамандар сөз қозғады. Аңшы Мұрат Рабатов: Біз заңды түрде аңшылық етеміз. Құжатымыз да бар. Бірақ, қаруым бар екен деп аңды қорлауға болмайды. Аңның киесі болады. Оны түсіну керек. Жабайы болса да, аңды сыйлау керек. Аңшылық - хобби. Тек маусым кезінде, бір-екі рет аң аулауға шығамыз. Журналист Ерік Рахым: Мен аңшылықты саятшылық деп санаймын. Аңшының дұрысы және бұрысы болады. Біз өзімізді дұрыс аңшы деп санаймыз. Аңшы мақтаншақ келеді. Заңды болған соң аулаған аңымызды видеоға түсіреміз. Бірақ аңды қорламаймыз. Біздің қоғамда аңшылар мен қасапшылар бар. Қасапшыларды аңшы деуге болмайды. Аңның қанын ағызып, оны буындырып, таспен ұрып жатқан да, ғаламторға салып жатқан да солар. Инспекторлаға қарсы шығып, оқ ататын да солар.

Көрулер: 2 840

Ұзақтығы: 13мин 34сек

Қосылды: 29.01.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.