Мүсінші Нұрғалым Исабаевтың жұмыстарына шетелден тапсырыс түседі

Нұрғалым Исабаев 20 жылдан бері мүсін өнерімен айналысып келеді. Оның жұмыстарын Франциядан, Қытайдан, Дубайдан кездестіресіз. Ал, Түркияның Анкара қаласында қойылған Сүйінбай ескерткішіне мамандар жоғары баға берген. Мүсінші Нұрғалым Исабаев қазір сазбалшықтан Мұқағали Мақатаевтың мүсінін жасап жатыр. Туынды сәтті шығу үшін автор ақиық ақынның өлеңдерін оқып, мінез-құлқы, болмысы жайлы зерттеп, ұзақ дайындалыпты. Мүсін сәтті шығу үшін өзіндік көзқарас, ізденіс керек дейді бүгінгі кейіпкер. Кейіпкердің мүсін өнерін таңдауға әкесі Баймұхан Исабайұлының ықпалы тиген. Баласының бойындағы қабілетті байқап, Алматыдағы көркем сурет колледжіне ертіп әкелген. Бүгінде мүсінші өзі де шәкірт тәрбиелеп жүр. Сүйінбай, Жамбыл, Мұқағали, Тұманбай, Райымбек батыр мүсіндерін жасаған Нұрғалым Исабаевқа шетелден тапсырыс жиі түседі. «Ізденіс барысында образ таба алмай қиналдым. Мүсінші ретінде бұл кісіні терең зерттедім. Басқа адамға қарағанда иегі мен маңдайы ерекше болған екен. Жұмыс аяқталып қалды. Бұл өнер де спорт сияқты. Күнде іс-қимыл, еңбек болмаса адам қалпында болмайды. Мүсінші де еңбек етпесе, қарайып қалуы мүмкін. Сондықтан, көп уақытым шеберханада өтеді. Ал, шабыттың келуі әрқалай. Кейде айлап, жылдап келмеген дүние бір күнде келе салады», - дейді мүсінші.

Көрулер: 2 731

Ұзақтығы: 3мин 46сек

Қосылды: 28.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.