2019 жылы жастардың инновациялық жобалары қолдау табады

Күні кеше Астанада Жастар жылы жарияланды. Ашық алаңда Елбасы жастармен жеткен жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Жастарға артылған сенім көп. 2019 жылға жастардың жоспарлары қандай? Осыған орай «Tansholpan» бағдарламасына Қазақстан студенттер Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев, «Жас Отан» Жастар қанатының «Даму» бағытының жетекшісі Қанат Нұрбекұлы, «Жүрек» бағытының кеңесшісі Таңшолпан Жалынбай келіп, өз ойларымен бөлісті. Ілияс Түстікбаев: Кеше мен үшін тарихи күн болды. Елбасы жастарға керек бағыт көрсетіп берді. Ол жастарды қолдайтынын айтып, жұмыстарды белгіледі. Бұл бар қуатымызды еліміздің дамуына жұмсауға септігін тигізеді. Таңшолпан Жалынбай: Елбасы ешқашан жастарды тыс қалдырмаған. Елбасымен өткен кез келген іс-шара жастарды ынталандырады. Қоғамның кез келген саласында қолдау күшейетіні қуантады. Барлық күшімізді жастар жылына арнауға дайын отырмыз. Жастар жылының ресми ашылуынан кейін «Жүрек» бағыты толық іске кірісті. Әрине, осы уақытқа дейін де жастарға қолдау бағытында республикалық үлкен жобалармен айналысып келдік. Алдағы уақытта осы жобаларды күшейту жоспарда. Жобалар туралы толығырақ айтсақ, ол республикалық деңгейдегі заманауи білім беру орталықтарын ашу. Яғни, қоғамның креативті, әр бағытта ойлайтын тұтас азаматтардың шоғырын қалыптастыруға бағытталған білім орталықтарын ашу. Одан басқа ауыл жастарын ағылшын тілін үйретуге бағытталған жоба, цифрландыру, инновациялық жобалар қолға алынып отыр.

Көрулер: 2 056

Ұзақтығы: 11мин 42сек

Қосылды: 24.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.