Азамат Сатыбалды: Өнер адамы еркін болуы керек

Жуырда актер, тележүргізуші Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды. Осыған орай Азамат Сатыбалды мен аталмыш театр актері Мақсат Рахмет Алматы студиясының қонағы болып, театр жаңалықтарымен бөлісті. Азамат Сатыбалды - еліміздің театр және кино өнеріндегі белгілі есім. Азамат сомдаған бейнелер - қазақ жастары үшін жарқын үлгі. М.Әуезов атындағы театрдағы актерлік жұмысынан бөлек, 3 жыл бұрын «28-Teathre» театрын құрған. Жеке театрымен Еуропадағы, Түркиядағы, Ресейдегі xалықаралық театр фестивалдеріне қатысып Қазақстан өнерін шет елдерде дәріптеп жүр. «Әрбір театрдың өз дәстүрі, бағыты бар. Қандай басшы келсе де театр дәстүрін бұзбауы керек. Өйткені, ол дәстүрді бабаларымыз қалыптастырды. Оны бұзбай, сәл бояу қосу арқылы театрды дамыту керек. Менің басты мақсатым осы. Бұл театрдың өз көрермені, сара жолы, актерлік ансамбл, қалыптасқан. Мен тек соларға көмектесіп, актерлерге шабыт беріп, олармен бірге өсуім керек. Менің түсінігімде өнер адамы еркін болуы керек. Еркін адамнан ғана керемет дүние туады. Актердің бабы болып, көңіл күйі жақсы болса спектакль де жақсы өтеді. Театрдағы ең басты құрал – актер», - дейді Азамат. Одан басқа студия қонақтары театрдың алдағы жоспарларымен бөлісті.

Көрулер: 3 690

Ұзақтығы: 10мин 44сек

Қосылды: 18.01.2019

Пайдаланушы: Таңшолпан

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.