Мектеп асханалары жаңартылады

Өскемендік кәсіпкерлердің наразылығын тудырған мектеп асханаларын жаңарту мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Балаларды тамақтандыру саласында қызмет көрсететін іскер топ өкілдері  алдағы екі аптада өз ұсыныс-пікірлерін білдіреді. Соңғы шешім содан кейін ғана қабылданады. Нақтырақ айтсақ, күні кеше шығыстың бас шаһарында кәсіпкерлер шу шығарып, биліктің 44 мектеп 4 ірі инвестордың қарауына беру туралы ұсынысына наразылық білдірді. Бизнес өкілдерінің осы сұраққа қатысты ой-пікірі ескеріліп, әр мектепке жеке лот берілетін болды. Яғни, барлығына бірдей жағдай жасалады. Мектеп асханасын жалға алып отырған кәсіпкерлерге  мемлекеттік-жекеменшік жүйесіне көшудің тиімділігі түсіндіріліп, келісімшартты 7 жылға жасау тұрақты жұмыс істеудің негізі екені тағы бір рет айтылды. Мәселені талқылауға кәсіпкерлер палатасы, мектеп басшылары мен ата-аналар да қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Көрулер: 1 435

Ұзақтығы: 1мин 18сек

Қосылды: 17.01.2019

Пайдаланушы: Ақпарат

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.