«Qareqet». Құжатсыз жүрген ана мен қызының жайы

Құжатсыздық қараңғы жерде жарықсыз жүргенмен тең. Алдыңнан кездескеннің барлығы кедергі келтіреді. Жарықты жағу қиын емес. Ол үшін қандай қарекет жасау керек? «Qareqet» бағдарламасы «Zan» айдарының бүгінгі кейіпкерлері – Гүлдәрия Теміржанова мен қызы Гүлзейнеп. Гүлдәрия Теміржанова Түркістан облысы Созақ ауданының тумасы. 15 жасар қызы екеуі де құжатсыз. Құжаты болмаған соң, бойжеткеннің мектепте оқу мәселесі сұрақ тудырады. «Мен Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өстім. Кейін анаммен Алматыға көшіп кеттік. Туу туралы куәлігім, мектептен алған құжаттарым болды. 16-ға толған соң анам «туған жеріңе барып, куәлік ал» деп Түркістанға жіберді. Алайда, құжаттарымды жолда жоғалтып алдым. 2003 жылы Түркістан облысына тұрмысқа шықтым. 2006 жылы 8 айлық қызыммен ажырасып кеттім. Сол кеткеннен араласпай кеттік. Екеуміз заңды некеге тұрған жоқпыз. Қызымның да құжаттары жоқ. Өмірде көп қиыншылық көрдім. Қызымды өсіріп, жеткізгім келеді», - дейді Гүлдәрия Теміржанова. «Әкем болмаған соң қиналамын. Басқа балаларға ұқсап, еркелегім келеді. «Әкесі жоқ», деп мектепте қыздар ұрып кетеді. Құжаттарымды жөндеп, дұрыс мектепке ауысқым келеді», - дейді Гүлзейнеп. Құжат жасауға не кедергі? Құжат беретін мекеме азаматтарды қайтарып жіберуге құқылы ма? Құжаттарды қалай реттеу керек? Ал, құжат жоғалған жағдайда қандай әрекет жасау керек? Бұл сұрақтарға студияға келген заңгер, сарапшы мамандар жауап береді.

Көрулер: 2 457

Ұзақтығы: 12мин 44сек

Қосылды: 15.01.2019

Пайдаланушы: Қарекет

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.