2018 жылы жүзеге асқан жобалардың жалпы құны 1,2 триллион теңге

Президенттің бір жыл бедеріндегі әрбір күні, әрбір сағаты мен минутына дейін алдын ала жоспарланады. Жер жүзі мен ел ішіндегі сапарлар. Жүздеген кездесулер, маңызды келіссөздер.  Бірақ, бәрінен маңыздысы – елдің жағдайы, ішкі ахуал. Биыл да Назарбаев ат үстінен түскен жоқ. Ертіс пен Еділдің арасын түгел аралап, жергілікті жерлерде ширығып жатқан шаруаларды түгендеді. Кем-кетік, кемшіліктер болса, әкім-қараларға түзеуді нығырлады. Президент сапарлары кезінде елдің әр қиырында ондаған өндіріс орны ашылды. Негізі, жиһанда болып жатқан кез келген дағдарыстың салқыны - дамыған, дамушы, кедей елдерге өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазір әр ел, әр қауым өзінше ерекше экономикалық кезеңнен ентікпей өтудің жолын іздеп жатыр. Қазақстандық жол – инновация мен индустрия. Бұл қазақ экономикасын шикізатқа деген тәуелділіктен алыстатуға мүмкіндік. Бастысы, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Биылғы іске қосылған ілкімді жобалардың соңғы нүктесі осы айдың басында өткен республикалық телекөпірде түйінделді.

Көрулер: 1 367

Ұзақтығы: 8мин 12сек

Қосылды: 30.12.2018

Пайдаланушы: Аpta

Телеарна: QAZAQSTAN

Санаттар: Интересные видео

Онлайн бейнелерді мүлдем тегін әрі жақсы сапада көріңіз! Енді сізге қызық сериалдарды немесе тд бағдарламаларын іздестіру үшін Ғаламтор кеңістігінде шарлаудың қажеті жоқ - iTube сіз үшін бір порталда ең үздіктерін жинады. iTube-те сіз дәл өзіңізге қажеттіні артық күш-жігер жұмсамай әрі жылдам таба аласыз! Біздің бейнелер кез келген жастағы және барлық артықшылықтары бар көрермендерге есептелген.

Біздің порталда қандай телесериалдарды онлайн көруге болады: Қызыл алма (кызыл алма) қазақстандық сериалы, Бозторғай (бозторгай) және Ертұғырыл (эртугрул) қазақ тіліндегі Түрік сериалдары, Ақ пен қара (ак пен кара) қазақ тіліндегі Филиппин сериалы, Келін (келин) қазақ тіліндегі Үнді сериалы, Анашым, мені қалдырма (анашым, мени калдырма), Сүйе білсең (суйе билсен), Көзайым (козайым), Айман - Шолпан отандық сериалдары, Қалампыр (калампыр) қазақ тіліндегі Жапон сериалы. Сонымен қатар, Нұрлан Қоянбаявпен Түнгі студияда (тунги студия), Ләйлә Сұлтанқызымен Әйел бақыты (айел бакыты), Жайдарман (қазақ тіліндегі квн), Айтуға оңай (айтуга онай), Таңшолпан (таншолпан) сияқты және көптеген басқа Қазақстанның танымал телебағдарламаларының соңғы жазбалары күтуде. Бейнелерді онлайн көру, біздің сервисте жиналған бейнелер үнемі толықтырылып тұрады. Біз телеарнамыздың барлық жаңартуларын қадағалаймыз және сіз оларды порталымыздан міндетті түрде табатыныңызға сенімді бола аласыз.